×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

2008 жылы Асхат Жидкеевті «алтыннан айырған» моңғол балуаны 16 жылға сотталып кетті

10.06.2022, 00:46

Моңғолия тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы Найдан Түвшинбаяр кісі өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Олимпиаданың қос медалін (Бейжің алтын, Лондон күміс) алған Моңғолияның даңқты judo балуаны, әлемдік judo додасының майталманы болған Найдан Түвшинбаяр 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Э.Энхбатты 2021 жылы сәуір айында ішімдік ішіп алып ұрып-соғып, өлімші етіп сабаған. 8 ай есін жимаған Энхбат 2021 жылы 25 желтоқсанында қайтыс болған.

Түвшинбаяр 2021жылдың желтоқсан айында тұтқындалып содан бері үй қамақта болған. 2022жылдың 9 маусымында сот шешімі бойынша 16жылға сотталды.

Айта кетсек Найдан Түвшинбаяр 2008 жылы Бейжің олимпиадасында қазақстандық дзюдошы Асхат Жидкеевпен финалда кездесіп, жеңіп кеткен болатын.