×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Бір апта ішінде қандай азық-түлік түрлері қымбаттағаны белгілі болды

10.06.2022, 11:09
фото: ашық дереккөзден

Өткен аптада және ай басынан бері кезеңге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,4%-дан, жыл басынан бері – 16,3%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«Жылдық мәнде олар 19,9%-ға қымбаттады. Бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 7,1 пайыздық тармаққа жоғары», – делінген бюро хабарламасында.

Бір апта ішінде бағасы өскен азық-түлік:

  • құмшекер – 3,1%;
  • пияз – 1,9%;
  • картоп – 1,2%.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты – тұздалмаған сары май, сиыр еті мен сүзбе.

Қазақстан бойынша орташа баға (2022 жылғы 7 маусым):

  • сары май – 3177 тг/кг;
  • сиыр еті – 2169 тг/кг;
  • сүзбе – 1667тг/кг.