×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған саясаттанушы абақтыдан ауруханаға жеткізілді

10.06.2022, 13:40
фото: ашық дереккөзден

Қырғызстанда мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған саясаттанушы Марат Қазақпаев тергеу абақтысынан ауруханаға жеткізілген. Бұл жөнінде оның адвокаты Икрамидин Айткулов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Саясаттанушыны Бішкектегі №1 қалалық ауруханаға жатқызған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол есінен танып, комаға түскен.

Ол былтыр сәуір айында мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен ұсталған. Содан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында отырған.