Наурызда елімізде бензин өндіру көлемі 0,5%-ға қысқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл турады Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
"Қазақстанда 2023 жылғы наурызда 408 мың тонна бензин шығарылды, бұл бір жыл бұрынғы шығарылымнан 0,5%-ға төмен", - делінген хабарламада.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, наурыз айында 443 мың тонна (-2,4%) газойль, 208 мың тонна (-17,9%) мазут, 38 мың тонна (- 38,6%) керосин өндірілді.
Айта кетейік, елімізде 12 сәуірден бастап бензин бағасы өсті.
Бұдан бұрын Үкімет басшысы жанармай қымбаттауына не себеп болғанын түсіндірген.
Смайылов бензин бағасын өсіру мәжбүрлі шара екенін айтқанымен, депутаттар жанрмайдың қымбаттауынан бюджет емес, делдалдар ғана ұтатынын айтты.