×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Студенттер мәйітханадағы адам мүрделерімен ойнап, ерсі қылықтарын әлеуметтік желіде жариялаған

11.06.2022, 09:42
Фото: Depositphotos

Студенттер мәйітханадағы адам мүрделерімен ойнаған. Сосын ерсі қылықтарын ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz “Астана” телеарнасына сілтеме жасап.

Ақ халат киген жастар суда жатқан мәйіттердің де қолынан ұстап, оны желіге жүктепті. Әлеуметтік желіде жылдам тараған бейнежазба қызу талқыға түсті. Көпшіліктің ашуын тудырды. Онда парақша иесі мәйіттердің дене мүшелерін де жеке-жеке көрсеткен.

Желі қолданушылары парақша иесі Алматыдағы танымал медициналық университетте оқитынын жазған. Жоғарғы оқу орны жазба иесін тауып, мән-жайды анықтауға көшіпті.

 Психолог хайп үшін мұндай қадамға барғандардың ауытқуы бар деп есептейді. Ол желіде желіккендерді жазалау қажет деп отыр.

«Біріншіден бұл жерде отбасылық тәрбиеге байланысты. Мәйітпен ойнаған адам ол – тасжүрек. Жүрегінде иманы жоқ. Ойының бәрі хайп, тик-ток. Психологиясының ауытқуы бар адам. Тик-токқа заң қою керек қой. Осындай қорқынышты мәйітті, осындай суға секіруге болмайды деген заңды қағидаларды қойса, жастар оған дейін бармайды», - дейді психолог Айгүл Қараманова.