×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Жаңаөзенде бір топ адам тағы наразылыққа шықты

11.06.2022, 09:56
Фото: lada.kz

Жаңаөзенде бір топ ер адам жұмысқа орналасу үшін «Өзенмунайгаз» АҚ ғимараты алдында жарты жылдан астам уақыт бойы наразылық көрсетіп келеді. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмысқа орналасуға көмек көрсету өтінішімен видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Үндеуде азаматтардың жарты жылдан астам уақыт бойы наразылыққа шыққаны айтылады. Ер адамдар тиісті оқытудан өткендерін айтып, компанияның бірінші басшысы Мақсат Ибағаров оларды жұмысқа қабылдамаса, отставкаға кетуі тиіс деп есептейді. 

«Мақсат Ибағаров бізге кейін «ӨзенМұнайГаз»-ға ауыса алатынымызды айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сіздің әділдік орнататыныңыз қайда?  Біз 82 адам тиісті оқытудан өттік, нәтиженің жоқтығынан 2 адам өзіне қол салмақ болды. Егер бас директор Мақсат Ибағаров «ӨзенМұнайГаз»-дан бізге жұмыс тауып бере алмаса,  отставкаға кетсін» - дейді жаңаөзендіктер.