×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Павлодарда өзеннен жүзіп өтпек болған оқытушы студенттердің көз алдында суға батып кетті

11.06.2022, 15:46
ашық дереккөзден

Павлодарда өзеннен жүзіп өтпек болған оқытушы суға батып кетті, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz  pavlodarnews.kz-ке  сілтеме жасап.

ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещевтің айтуынша, Усолка өзенінде Торайғыров университеті жоғары колледжінің оқытушысы суға батып кетті. Ол колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Алайда өзенді жүзіп өтіп, жағалауға жетуге күші жетпей қалған. Оқытушы колледждің 1-2-курс студенттеріне далалық әскери оқу-жаттығу өткізіп жүрген.

Мұндай жаттығу тек колледждің аумағында өтуі тиіс. Бірақ ұстаз өзі бастама көтеріп, өзенге барған.

Осы оқиғаға байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.