×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Брендтік сөмкелерді уәде еткен: алаяқ ақмолалықтың 1,5 млн теңгеден астам ақшасын иемденген

11.06.2022, 17:51
ашық дереккөзден

Брендтік сөмкелерді уәде еткен алаяқ ақмолалықтың 1,5 млн теңгеден астам ақшасын иемденген. Бұл туралы  Ulysmedia.kz Көкшетау қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлады.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады.

Алдын ала тергеу барысында қаскүнем брендтік сөмкелерді сату сылтауымен біреудің ақшасын алдап иемденгені анықталды. Ер адам 28 мамырда 33 жастағы көкшетаулықтан 1 млн 590 мың теңге сомасында алдын ала төлем алып, кейін телефонын өшіріп, онымен байланысқа шығуды тоқтатқан.

Аталған факті бойынша Көкшетау қаласының Полиция басқармасы ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.