×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Астананы қар басып қалғанда техникалар неге дереу іске кіріспеді – әкімнің жауабы

19.04.2023, 11:38
ulysmedia.kz

Елорда әкімі демалыс күндері қар басып салған уақытта коммуналдық мекемелердің көшелерді тазалауға асықпауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанадағы "сәуірдің қысы" тұрғындарды едәуір әбігерге салғаны белгілі. Қар жауған күні астаналықтар қала көшелерінде тазалаушы техникалардың аз жүргеніне, сол себепті қозғалыс шектелгеніне шағымданған

Алайда қала әкімі Жеңіс Қасымбек олай есептемейді екен. Коммуналдық қызметтер уақтылы жұмыс істеді дейді әкім.

“Коммуналдық мекемелер сенбі күні де, жексенбі күні де толық жұмыс істеді. Үш күнде қардың екі айлық нормасы жауғандықтан, жұмыс күрделі болғаны рас. Бірақ коммуналдық қызметтер сапалы, үдіксіз жұмыс істеп жатыр”, – деді қала басшысы.

Серіктес жаңалықтары