Шілде айында қазақстандықтар екі мерекені атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Биыл Астана күні - 6 шілде, яғни сәрсенбіге түседі. Бұл ретте демалыс күндері ауыстырылмайды. Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да бір күн - 6 шілдеде демалады.
Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Бұл күн демалыс күні әрі сенбіге түсетіндіктен, басқа күнге ауыстырылмайды.