Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның сөзінше, Қазақстанда 8 инфекция бойынша сырқаттанушылық өскен.
«Олар: сальмонеллез - 23%, вирустық гепатит А - 22%, жіті ішек инфекциясы - 8%, тұмау 20 есе, ЖРВИ 4 есе, бактериялық менингит – 2 есе, қызылша 7 және дизентерия 4 жағдайға өсті. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының азаматында өзге елден жұқтырған денге безгегінің жағдайы тіркелді», - деді елорданың бас санитары.
Сархат Бейсенова коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Астана қаласы өткен жылдан бері жасыл аймақта тұрғанын атап өтті.