×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркістан облысының егіс алқаптары мал қанымен аралас сумен суарылады

19.04.2023, 19:46
Түркістан облысының егіс алқаптары мал қанымен аралас сумен суарылады
Ашық дереккөз

Түркістан облысында мал сою алаңдарының қаны бар су егістікке жайылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ақпарат агенттігі Отырарға сілтеме жасап.

Халық қасапханадағы қанның арыққа, одан әрі картоп өсетін алқаптарға түсіп жатқанын айтып шағымданады.

“малдың тұрып қалған қаны бактерия мен ауруға толы”, - дейді тұрғындар.

Оның үстіне, мал да сол суды ішеді. Бұл оларға қалай әсер ететіні белгісіз. Экологтар жағдайды біледі, бірақ шаралар әлі қолға алынбады, тек жоспарлап қана отыр жергілікті билік. Осы оқиғаны айғақтайтын видео екі күн бұрын тараған болатын.

“Қазіргі уақытта құзырлы органдармен бірлесе отырып, арнайы мониторинг жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, тиісті мамандар мен тұрғындардан шағым түскен жағдайда жақын арада кезектен тыс тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижесінде қажетті шара қолданылады”, – дейді Түркістан облысы экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Қазыбай Шора.

Әлеуметтік желідегі эко белсенділер ондағы сасық иіске төзгісіз дейді. Мамандар алаңдаушылық білдіруде: егер қазір араласпасақ, ауылда нағыз экологиялық апат болуы мүмкін.