×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Ақтөбеде қоқыстан табылған шақалақтың анасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

20.04.2023, 08:06
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде қоқыс полигонынан табылған шақалақтың анасына қатысты қылмыстық іс 6 айдан кейін жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған нәрестенің өлі тууы негіз болған.

Оқиға 2022 жылдың 23 қазан күні Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында болған.

Департамент мәліметінше, Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Қарғалы ауданы Бадамша ауылы маңындағы «Рождество-Дөң» тасжолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан қара полиэтилен пакеттен шақалақтың денесі табылғаны анықталды.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, яғни «Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деп хабарлаған еді ведомство.

Арада 6 ай уақыт өткенде істің қысқарғаны белгілі болды.

«Қылмыстық кодекстің «Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі» бабы бойынша іс қозғалғанымен, сараптама қорытындысынан кейін баланың өлі туғаны белгілі болды. Қылмыстық құрам болмаған соң іс жабылды»,- деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары