Талғар қаласының әкімі болып 47,71% дауыс жинаған Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Талғар аудандық сайлау комиссиясының дерегінше, сайлаушылардың 23,77%-і сайлауда дауыс берген.
Талғар қаласы әкімінің лауазымына 4 үміткер бақталасты.
Бақытжан Рақымұлы Ақботаев сайлау қорытындысы бойынша 23,63% дауысқа ие болды, Нұрбек Бақытқанұлы Даулетбақовты халықтың 17,84%-і қолдаған. Сапарбек Мұхтарұлы Назарбаев 7,70% дауыс жинады.
218 сайлаушы бәріне қарсы дауыс берген. Ал бүлінген және дұрыс қолданылмаған бланк саны – 93.
Бақыт Күрішбеков Талғар қаласында дүниеге келген. 32 жаста. Мамандығы – экономист.
Сайлауға дейін AMANAT партиясы Талғар аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып қызмет атқарған.