×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Баға, қайда барасың?: Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттады

21.04.2023, 09:31
Баға, қайда барасың?: Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, жылдық мәнде 11,2%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

“Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген хабарламада.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 18 сәуір/:

Өсімдік майы – 873 тг/л
Рожки – 315 тг/кг
Күріш – 404 тг/кг

Айта кетейік, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев елімізде инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, үкімет мүшелерінің бағаны ұстап тұруға бағытталған қадамдарынан еш нәтиже жоғын мәлімдеді.

“Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Сенат депутаты Қайрат Тастекеев өзінің депутаттық сауалында әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының негізсіз шарықтауына жол беріп отырған шенділерді сынға алды.

Күні кеше Үкімет басшысы Смайылов наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулағанын айтып мақтанды.

Өкініштісі, Үкімет мүшелерінің баға төмендеп жатқаны жайлы әдемі есептеріне шындықтан алшақ болып тұр.  Елде азық-түліктің көп түрі қымбаттап келеді. Мәселен, өткен айда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдеріне өндірушілер бағасы біршама өсті.