×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Елдегі жылу электр орталықтарының әбден тозығы жеткен – Энергетика министрлігі

14.06.2022, 15:03
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда кейбір жылу электр орталықтарының тозу деңгейі 95%-ға жеткен. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz LS-ке сілтеме жасап.

Министрлiктiң мәліметінше, елдегі тозудың орташа деңгейі шамамен 66%-ға жеткен.

Мәселен, Арқалық жылу электр орталығында бұл көрсеткіш 95,4%-ды, ал "Жайықжылуэнерго" кешенінде – 95,3%-ды құрайды. "ТаразЭнергоОрталықта " –  92%, "Кентау сервисте" –  88%-ға жеткен.

Энергетика министрлігіндегілердің айтуынша, жаңғырту ауқымын анықтау үшін 2023 жылға дейін аяқталатын энергия көздеріне камералдық-техникалық аудит жүргізу қажет. Электр станцияларын тексеру 2023 жылдан 2024 жылға дейін жоспарланып отыр.

2023-2027 жылдар аралығында іске қосыла отырып, ЖЭО-ның негізгі және қосалқы жабдықтарын жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және жаңарту жөніндегі жобаларды іске асыруға инвестициялық келісімдер жасалды. Бұл Атырау, Риддер, Ақтөбе, Қызылорда, Петропавл, Өскемен, Қарағанды және Степногорск қалаларына қатысты.

Оның ішінде Петропавл 2-ЖЭО жөндеу жұмыстары 17,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Көкшетау ЖЭО құрылысы үшін тендер өткізілуде. Қызылорда ЖЭО-да қуаттылығы 240 МВт болатын жаңа бу-газ қондырғысын салу жоспарлануда. Кентау ЖЭО-5 жөндеуге (1952 жылдан бастап пайдалануда) қаржыландыруды ұлғайту мәселесі көтерілді. Аталған ЖЭО жабдықтарының тозуы 100%-ға жетті. Бұл ретте жөндеу жұмыстарына қажет 3,2 млрд теңгеден 757 млн теңге бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы жылу энергетикасын дамытуға шамамен 32 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр.