×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

СҚО-да алаяқтық жасаған шенеунік түрмеге қамалды

15.06.2022, 09:50
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Ағажанов алаяқтық жасағаны үшін жазасын түзету мекемесінде өтейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz СҚО прокуратурасына сілтеме жасап.

Ол фискалдық органның өкілі бола отыра, салыққа қатысты мәселені шешуге көмектескені үшін кәсіпкерді алдау арқылы 1 млн 250 мың теңге сомасында заңсыз материалдық сыйақы алған. Ағажановтың іс-әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасау" бойынша қаралды.

Петропавл қалалық соты М.Агажановты кінәлі деп танып, оған айыппұл салумен шектелген.

Алайда облыстық прокуратура істің мән-жайын ескере отырып, мұның тым жұмсақ үкім екеніне наразылығын білдірді.

Апелляциялық сот прокуратураның дәлелдерімен келісе отырып, М.Агажановты 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сондай-ақ экс-шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.