×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Тоқаев Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

15.06.2022, 12:57
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы «Ш. Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 ***

Ш. Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

2022 жылғы 15 маусым

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 маусым

№ 931