×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Сатыбалды қамалғаннан кейін: Үкімет "Қазақтелекомның" ұялы байланыс саласындағы үлесін азайтпақшы

16.06.2022, 11:18
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық байланыс операторы "Қазақтелеком" АҚ ұлттық байланыс операторы ұялы байланыс қызметтері нарығындағы монополиядан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысы кезінде ұялы байланыс қызметтерін көрсету саласындағы "Қазақтелекомның" үлесін азайту ұсынылды. Сондай-ақ, отырыста электр энергиясы нарығын монополиясыздандыру мәселесі қаралды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов бұл шаралардың экономикаға ықтимал әсерін бағалау үшін аталған тәсілдерді сараптамалық деңгейде пысықтауды тапсырды.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. Ол 13 наурызда Алматы әуежайында Дубайға ұшуға дайындалып жатқан сәтінде ұсталды. Сатыбалды "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілеріне қатысы бар деп күдіктелуде. 

2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты.