×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда гүржілер бандасы ұсталды

24.04.2023, 12:13
Фото: Ашық дереккөзден

ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай брифинг барысында Алматыда интернет-алаяқтардың байланыс орталығы әшкереленгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтықпен айналысқан байланыс орталығы анықталды.

Операция барысында Грузияның 24 азаматынан тұратын топ ұсталды. Сонымен қатар, Сүйінбай Астанада 26 алаяқтық ісіне күдікті қазақстандықтың ұсталғанын мәлім етті.

«Олар Instagram парақшасын ашып, тонды арзан бағамен сату туралы хабарландыру жариялаған. Бүгінгі таңда олардың осыған ұқсас 26 қылмысқа қатысы бар екені анықталды, оның жалпы сомасы 4,2 млн теңгені құрады», - деді Сүйінбай.

Серіктес жаңалықтары