×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Тоқаев ұлттық құрылтайда Мұхамедиұлын түйреп өтті

16.06.2022, 17:28
Коллаж: ulysmedia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын түйреп өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Жаңа Қазақстанда еңбекқор ең сыйлы адам болуы тиіс. Біз өскелең ұрпақты адал еңбекке баулып, жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуіміз қажет. Маңдай термен тапқан әр тиын нағыз ардың ісі, Абай айтқан толық адамның еңбегі екенін жастардың санасына тоқуымыз қажет. Біздің бұрынғы бір министріміз бауырлас көрші мемлекеттің азаматтарын келеке қылғаны бар. «Олар Ресейге барып, қара жұмыс істейді, біз Қазақстан азаматтары ондай жұмыс істемейміз, бақытты халықпыз» деп айтқан. Естімеген елде көп. Бірақ бұдан артық сорақылықты ойлап табудың өзі қиын. Еңбектен қашқан адам кеудесін ұрып мақтанбай, керісінше, ондай әрекетінен ұялуы керек. Еңбек дегеніміз қасиетті ұғым. Адал еңбекті күлкі етіп, мазақ қылуға болмайды. Мұндай кері пікірлер жастарды адастырады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен қатар кадрларды жаппай жұмыстан шығару жақсылыққа апармайтынын жеткізді.

«Әлеуметтік желіде ескі кадрлармен Жаңа Қазақстанды қалай құруға болады дейтіндер бар. Бұл орынды сұрақ. Бірақ негізінен кадрларды біртіндеп ауыстыру керек. Тіпті кезінде Ресейде, Қытайда, Иранда болған революциялардан кейін бұрынғы режимнің шенеуніктері мемлекеттік қызметін жалғастырған. Бұл елдермен салыстырғанда бізде басқаша», - деді ол.

Айта кетсек президент айтып отырған бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы бірнеше жыл бұрын Ресейдегі қырғыз мигранттары туралы орынсыз сөйлеп, басы дауға қалған болатын.