×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Қосшыда газ құю бекеті өртенді

17.06.2022, 11:21

Ақмола облысы Қосшы қаласында автогаз құю станциясындағы газ-ауа қоспасы тұтанып, өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқыс оқиға 16 маусым күні сағат 17:00 шамасында болды. Автогаз құю станциясындағы артық қысым клапаны іске қосылып, салдарынан өрт шыққан.

«Өрт сағат 18-15-те өшірілді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. № 34 өрт сөндіру бекеті оқиға орнынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрттің шығу себебін анықтап жатыр», делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіру үшін Ақмола облысы ТЖД-нің 11 қызметкері мен екі техникасы және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің 10 қызметкері мен екі техника, Қосшы қаласының ЖАО өрт сөндіру бекетінің екі қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.