×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Еурокомиссия Украинаға ЕО-ға кандидат мәртебесін беруді ұсынды

18.06.2022, 10:02
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Еуропалық Комиссия Украинаға ЕО мүшелігіне кандидат мәртебесін беруді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Укринформға сілтеме жасап.

Бұл өз кезегінде мәселені Еуропалық кеңес деңгейінде қарастыру алдындағы міндетті ресми қадам. Мұндай тұжырымды Еуропалық комиссия алқасы отырысының қорытындысын баяндаған комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Украинаның ЕО мүшелігіне берген өтініші Еуропалық комиссияның тиісті шешім қабылдауына себеп болып отыр. Сонымен қатар аталған ел Копенгаген критерийлерінде көрсетілген дамыған демократиялық қоғам қалыптастыру талаптарын орындауға ниетті.

Бұдан бөлек бүгін Еуропалық комиссия Украина, Молдова және Грузияның ЕО мүшелігіне берген өтініштерін қарады. Еуропалық Кеңес Украинаға ЕО-ға үміткер мәртебесін беру мәселелерін 23-24 маусымда талқылайды.