×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Елімізде әскери қызметке жарамсыз болған": министрлік "Вагнер" сапындағы қазақ жайлы

25.04.2023, 13:34
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қорғаныс министрлігінің өкілі «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясына өткен қазақстандық туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіровтің сөзінше, Украинаға қарсы соғысатын жасақ сапына қосылған Марғұлан Бекенов Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамында борышын өтеуге жарамсыз деп танылған.

«Ол азамат туралы айтсақ, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрамында әскери қызмет етуге жарамсыз болған. Қалған мәліметке келсек, қазіргі таңда бұл мәселемен айналысып жатқан өзге органдар бар. Солар аталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға береді», - деді Бас штаб бастығы.

Айта кетсек, бұған дейін Ресейде оқитын қазақстандық студент Марғұлан Бекеновтың «Вагнер» құрамына өз еркімен кіргені туралы видео тараған еді.

ҚР СІМ қазақстандық жастарға “Вагнер” секілді жасақтарға қосылғысы келетіндер Қазақстанда 5 жылдан 9 жылға дейін сотталатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары