×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

"Қант бағасы 1000 теңге болады": Қарағандыда тұрғындар қантқа таласып дүрлікті

18.06.2022, 12:08

Қарағандыда супермаркеттердің бірінде сөре маңында жұрттың қантқа таласқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеода сатып алушылардың қантқа таласып, көбірек алуға тырысқаны байқалады. Бір кезде ер адам қолындағы қантты түсіріп алып, ол жерге шашылады, алайда ешкім оны елеп тоқтамайды, жердегі қантты басып жүре береді. 

Қазақстандықтар видеоның астында ызалы пікір қалдырған. 

«Қант аяқ астында жатыр», «Барлық жерде 1000 теңге болады деген хабар тарады, сондықтан жұрт дүрлігіп жатыр”», «Адамдар жабайы, тек қант жейтіндей алып жатыр», «Үкімет уәде еткен вагон қант қайда?», «Үлкен адамдардың бұл әрекеті ұят, бала барса, оны таптап, байқамай кете беретін шығар», – деп жазды олар.