×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

1 млрд теңгемен ұсталған Талдықорғандағы бухгалтер тағы 1 млрд теңге жымқырған - Антикор

25.04.2023, 15:12
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Антикор басшысы Асхат Жұмағали мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Өздеріңіз білетіндей, Талдықорған білім беру бөлімі бас бухгалтерінің ісі үлкен қоғамдық резонанс туғызған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, сол адам 2 млрд теңгені жымқырған. Аудиторлық тексеріс жүргізіліп жатыр. Сома әлі де нақтыланады.

Бірақ біз оған сенеміз (аудиторлық тексеріске), себебі бас бухгалтер ұсталған кезде 1 млрд теңге анықталған», - дейді ол.

Асхат Жұмағалидің айтуынша, жалпы қылмыс елдің барлық өңірінде тараған. Бірақ ең көбі Шымкент, Шығыс Қазақстан, Түркістан мен Қызылорда облысында тіркеледі. Олардың көбі орта мектеп, колледж директорларымен, балабақшалардың меңгерушілерімен, облыстық білім беру басқармаларының мамандарымен жасалады.

«Осынау жемқорлықтардың жартысында білім беру жүйесі бөлімшелерінің басшылары қатысады. Бұл – дабыл қағарлық жағдай. Себебі оны көрген бағыныштылары да сол іске баруы мүмкін», - дейді антикор басшысы.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Талдықорған қалалық білім бөлімі бас есепшісінің үйінен 1 миллиард теңге, сондай-ақ қымбат мүліктің құжаттары табылған еді. 48 жастағы әйел шетелге қашып кетпекші болған. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстап үлгерді. Үйін тінту кезінде 942 млн 902 мың теңгеден астам қаражат тәркіленді. Бас есепші ұрлаған ақшаның басым бөлігін шетелдік валютаға айырбастап қойған. Бұдан бөлек, 14 пәтер, 7 коммерциялық нысан мен Лэнд Крузер 200 маркалы көліктің құжаттары табылды. Зергерлік бұйымдар да шықты. Қазіргі кезде 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған дүние-мүлікке уақытша шектеу қойылды.

Серіктес жаңалықтары