×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға соттауды сұрады

25.04.2023, 16:14
Фото: Ашық дереккөзден

Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында прокурор сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурор Азамат Сәрсембаев соттан Гүлмира Сатыбалдыны Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі (озбырлық), 28-бабының 3-бөлігі (қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) және 125-бабының 2-бөлігінің 1 және 8-тармақтары (адам ұрлау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тануын сұрады. 

«Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі бойынша – мүлкін тәркілеусіз 6 жыл, ҚК 28-бабының 3-бөлігі бойынша – 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Жеңілдетілген жазаны неғұрлым ауыр жазамен сіңіре отырып, Сатыбалдыны мүлкін тәркілеусіз 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын», - деп қорытындылады прокурор.

Еске салайық, 14 наурызда Астанада Байқоңыр ауданының N2 сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер бизнестері рейдерлік жолмен басып алынғанын айтты. Сотталушылар қатарында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, оның жүргізушісі мен көмекшісі бар. Жәбірленушілер – белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала тыңдауда қорғаушы тарап бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кепілге өзгерту туралы өтініш білдірген болатын. Судья Имашев өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ, прокурор Әлмира Қожахметова Гүлмира Сатыбалды тергеу барысында елден кетіп қалуға тырысқанын айтқан.

Айта кетсек, бұдан бұрын  Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешова өтемақы ретінде 760 млн теңгеден астам ақша сұрады. Ол Гүлмира Сатыбалдының бұйрығымен қалай ұрланғанын егжей-тегжейлі айтып берген болатын.

Алайда Мекешова кейіннен талап арызынан бас тартты.

Ал кәсіпкер Алагөзов Гүлмира Сатыбалдыдан 6 миллиард 985 миллион теңге шығын және 5 миллиард теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіріп алуға ниетті.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары