Қазақстандық бойжеткен Диана Перханова "Мисс ТМД" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Sputnik Армения-ға сілтеме жасап.
Байқаудың финалы Ереванда өтті. Қатысуға бірнеше мың қыз өтініш берген, финалға өз елдерінде іріктеуден өткен 23 қыз шыққан. ТМД елдері өкілдерінен басқа байқауға Грузия, Литва, Латвия, Эстония және Кубадан қыздар қатысты.
Қазылар алқасында 8 адам болды. Шоуға қатысушыларға басты талаптардың бірі – жасы 18-25 аралығында болу керек болды.
Екінші орын Грузиядан келген Эмми Мхитарянға, үшінші орын – эстониялық Карина Низинкаяға бұйырды.
Байқау кезінде Армениядан келген бойжеткенге ер адам үйленуге ұсыныс жасады.