Жаңаөзенді шаңды дауыл басып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаладағы ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.
Жолдарда көріну нашар, көлік қозғалысы қиынға соқты. Әлеуметтік желіде шаңды дауылдың видеосы тарап жатыр.
Маңғыстау облысының «Қазгидромет» қызметі 25 сәуірде өңірде шаңды дауыл көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететіні туралы SMS-хабарлама таратқан болатын. Осыған байланысты білім беру ұйымдарында сабақтар қашықтан жүргізілуде.
“Азаматтарды сақтық шараларын сақтауды сұраймыз”, – деп жазды синоптиктер.
Облыстық полиция департаменті жүргізушілерден жолда аса сақ болуды сұрайды. Ресми мәлімет бойынша, облыстағы барлық жолдар көлік қозғалысына ашық.