×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ауыр жазаға лайық: кәсіпкер Гүлмира Сатыбалдыдан моральдық зорлық көргенін айтты

25.04.2023, 20:44
Ауыр жазаға лайық: кәсіпкер Гүлмира Сатыбалдыдан моральдық зорлық көргенін айтты
Ашық дереккөз

Зардап шегуші кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алагөзов Сатыбалданың әрекетіне байланысты бес жылдан бері «азап пен уайым» кешіп жүргенін жеткізді. Кәсіпкердің сөзінше, Сатыбалды «оны бүкіл қазақстандық бизнес қауымдастықтың алдында масқара қылған».

«Ол менің адам және кәсіпкер ретіндегі ішкі сенімімді аяққа таптады», - деді ол.

Алагөзовтың айтуынша, Сатыбалданың әрекетін «адам ипотекаға 10 миллион теңгеге пәтер сатып алып, 1 миллион теңге төлеуге қалғанда, кенеттен отбасылық жанжалды пайдаланып, қалған соманы төлейтін адамның пайда бола қалуымен салыстыруға болады».

«Осыдан кейін ол адам өзін пәтердің иесі деп жариялап, пәтердің нақты иелерін баспанадан шығарып жібереді. Сатыбалды екеуміздің арамыздағы жағдай осыған ұқсас», – дейді.

Алагөзов сонымен қатар Сатыбалдыдының балағаттағанын, оның тарапынан моральдық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын атап өтті.

Еске салайық, 14 наурызда Астанада Байқоңыр ауданының №2 сотында Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша басты сот отырысы өтті. Ол қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырды, озбырлық жасады және адам ұрлады деп айыпталып отыр.