Ер адам Ақорданың маңында Есіл өзінен ақ амур балығын аулады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Ақорданың маңында амурды ұстап алдық. Керемет. Салмағы 3 келі”, – дейді оны ұстап алған адамдар.
Ақ амур – тұқы тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда Балқаш — Іле су алабында, Сырдария өзенінде жерсіндірілген. Дене тұрқы 1 м, салмағы 32 келіден асады.