×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 300-ге жуық қару 11 өңірде тәркіленді

26.04.2023, 08:34
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 300-ге жуық қару 11 өңірде тәркіленді
sputnik.kg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері заңсыз айналымнан тәркіленген қару-жарақтар жайлы есеп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Ведомство мәліметінше, заңсыз қару айналымындағы қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қазақстанның 11 аймағында 268 бірлік қару, оның ішінде 38 «Калашников» автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш құрылғы, түрлі калибрлі 30199 оқ-дәрілер, сонымен қатар броньды кеудеше, қорғаныш дулығасы, қол-кісендер, автомат оқжатарлары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленді.    

“Жедел қызметкерлер жасырылған қару мен оқ-дәрілердің негізгі бөлігін келесі жерлерден анықтады: Алматыда – 4, Байқоңырда – 1, Қостанайда – 1, Семейде – 1, Өскеменде – 1, Ақтөбеде – 1, Алматы облысында – 3, Жамбыл облысында – 4, Жетісу облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 3”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жуырда Алматы қаласында қарудың заңсыз айналымымен ірі көлемде айналысып келген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілген болатын.  Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңсыз айналымдағы қаруды іздеу мен тәркілеу жалғасуда.