×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Дамир Исмағұлов UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді

19.06.2022, 09:39
Josh Hedges/Zuffa LLC

31 жастағы ресейлік қазақ Дамир Исмағұлов грузин текті 30 жастағы швед Гурам Кутателадзеден басым түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Vesti.kz спорт сайтына сілтеме жасап.

Бірінші раундта Кутателадзе басым болды, ол жылдам және екпінді соққылар жасады.

Екінші бес минуттық кедесуде Исмағұлов басымдыққа ие болды. Қарсыласы оның шабуылдарының көпшілігіне жауап бере алмады.

Шешуші раундта мұрнынан жарақат алған Кутателадзе шаршады. Содан кейін басымдық толықтау Исмағұловтың екіншісіне өтті. Жекпе-жек аяқталуға 24 секунд қалғанда Кутателадзе заңсыз тізе соққысын жасады, бірақ төреші оған ауызша ескерту жасаумен ғана шектелді.

Үш раундтық кездесудің нәтижесінде Исмағұлов төрешілердің 28:29, 29:28, 30:27 есебімен жеңіске жетті. Алайда диктор бұл жекпе-жекте Исмағұлов көпшіліктің шешімімен жеңіске жеткенін хабарлады.

"UFC, мен үлкен жекпе-жекке дайынмын! Топ 15. Бұл джунглиде жаңа патша пайда болды. Ол — Қазақ! Мен UFC ережелерін білемін. Жекпе-жектерді ерте аяқтауға тырысамын. Мен аяқта тік тұрып төбелесе аламын және жақсы күресе аламын. Бірақ мен мықтыларды жеңгім келеді. UFC, бұл сізге арналған! Қазақ саған шоу көрсету үшін келді!", — деді споршы.

Еске сала кетейік, Исмағұлов бірінші рет турнирдің негізгі спортшысы ретінде жұдырықтасты. Ол UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Ал Кутателадзе промоушн аясында екі жекпе-жек өткізіп, UFC-де алғашқы жеңілістің дәмін татты.