×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстандағы екі ірі микроқаржы ұйымы банкке айналады

26.04.2023, 11:17
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында жаңа банктер туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, елімізде микроқаржы ұйымдарының екінші деңгейлі банктерге айналуы күтілуде.

"Бізде банктерге айналуға ниет білдірген екі үлкен икроқаржы ұйымы бар. Бұл – KMF  және Solva. Олардың портфелі үлкен, капитал деңгейі жеткілікті", - деді Әбілқасымова.

Ол өткен жылы Қазақстанда жеткілікті капиталы бар микроқаржы ұйымдарын екінші деңгейлі банктерге айналдыруға мүмкіндік беретін заңдар қабылданғанын еске салды.

Сондай-ақ, Әбілқасмыорва тиісті түзетулер қабылданғаннан кейін Қазақстанда банк ашуға ниет білдірушілер көп болуы тиіс екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары