×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Ақтөбеде элеватордан құлаған бала ауруханада көз жұмды

19.06.2022, 14:40
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бала өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, комада жан сақтау бөлімінде жатқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Диапазон сайтының мәліметінше, 31 мамырда тоғыз жасар бала қаланың ескі бөлігінде қараусыз қалған элеватордың төбесінен құлап кеткен.

Көптеген жарақаты және гипотермиясы бар ес-түссіз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Сонымен қатар балада ауыр ми жарақаты, церебральды ісіну, қан кету, гематомалар және тоңазу тіркелді.

Бала өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, комада жан сақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оның хәлін өте ауыр деп бағалады.

Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов дәрігерлердің бар күш-жігерін салғанына қарамастан, бала 18 маусымда сағат 22 шамасында қайтыс болғанын мәлімдеді.