×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ақтөбеде 200-ге жуық адамды алдап соққан қаржы пирамидасының басшысы сотталды

26.04.2023, 13:45
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде 192 адамнан 1 миллиард теңгеден астам ақша жинап алған қаржы пирамидасының басшысына үкім оқылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтөбе қаласының №2 сотында аса ірі мөлшерде ақша жинап, қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деген айыппен іс қаралды.

Іс материалына сүйенсек, 1990 жылы туған сотталушы 2019 жылдың 01 желтоқсаны мен 2020 жылдың 22 ақпаны аралығында құқықбұзушылық жасады. Барлығы 192 азаматтың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам ақшасын алған.

Сот отырысы кезінде салымшылардың шығыны 825 млн теңгеден асқаны белгілі болды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Прокурор сотталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Сот сотталушының шын жүректен өкінетінін, кәмелет жасқа толмаған баласын ескерді. Сот үкімімен сотталушы коммерциялық және қаржы ұйымдарында 7 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сонымен бірге 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

Сонымен бірге жәбірленушілердің азаматтық арызы қанағаттандырылды. Олар 100 мың теңгеден бастап 12 млн теңгеге дейін ақша салған.

Алданып қалғандардың көбі Ақтөбе облысының тұрғындары болғанымен, Атырау, Алматы азаматтары да бар.

Сот сотталушының жалғыз баспанасын өзінде қалдырды. Ал шығынды өтеу үшін кеңсе ғимараты тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары