Қазнет қолданушылары әлеуметтік желілерге қосыла алмағандарын жазып шағымдануда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Downdetector сайтына шыққан мәлімет бойынша, аталған мессенджерлер Ресей, Украина, Польша, Словакия, Венгрия, Эстония, Латвия және басқа да мемлекеттерде өшіп қалған. Бұлай болуының себебі әлі анықталған жоқ.
Instagram-ның жұмыс істемей қалуына байланысты әлем бойынша 20 мың, ал Facebook-тің жұмыс істемеуіне байланысты әлем бойынша 60 мың шағым түсті.