×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Бір топ депутат Үкіметтің бюджет туралы есебін бекітуден бас тартты

20.06.2022, 14:31
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов  Парламенттің бірлескен отырысында «ақжолдықтардың» Үкімет пен Есеп комитетінің бюджет туралы есебін бекітуден неге бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бүгінгі бюджеттің орындалуы туралы баяндамаларды байқасаңыз, көбі  сынға толы болды. Бірақ  біз неге қалыс қалып, қалғандары неге қолдағаныөзге партияларың өз жұмыстары шығар. Біздің ұстаным айқын. Ұлттық қор бір жылдар 55 млрд долларға кемісе, қалай оны қолдауға болады? Ұлттық қор деген болашақтың несібесі ғой. Біз болашақтың несібесіне қол салып жатырмыз. Сондықтан бюджеттің бұлай орындалуын біз қолдай алмаймыз», - деді депутат.

Депутат елдегі жекешелендіру саясаты мен инвестициялық жобалардың бір-біріне қайшы келіп жатқанын атады.

«Бір қолымызбен пәлен миллиардқа медициналық обьектілер салып, екінші қолымызбен дәл сондай нысандарды өз бағасынан арзанға сатып жатырмыз. Оны қалай қолдауға болады? Экономикалық аймақтар деп отырмыз. Ол аймақтар табыс әкеліп, жұмыс орындарын ашады, елімізге көл-көсір пайда әкеледі дедік.  Олардың қазір экономикадағы алатын рөлі 0,1 пайыз ғана.  Қаншама қаржы құйылды?! Жеке тараптардан, жеке азаматтардан инвестиция тартылған жоқ. Бүкіл квазимемлекеттік сектор сектор салып отыр.  Мұндай көзбаяушылық, мұндай экономикалыө аймақ не үшін керек?», - деді Берік Дүйсенбинов.