×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Талдыкөл маңындағы өрт ауыздықталар емес

21.06.2022, 09:44
фото: ТЖМ

Елорда маңында шыққан өртті сөндіруге МИ-8 ұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Кеше сағат 15-те Қорғалжын тас жолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді.

«Астана Орманы» МКК күшімен өрттің периметрі бойынша жер жыртылды. Жалынның «Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне» таралу қаупі жоқ. Төтенше жағайды жоюға ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Бүгін сағат 8-де Нұр-Сұлтан аэродромынан өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 ұшып кетті», - делінген ТЖМ хабарламасында.