×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақ медиасы жасанды интеллектіні қолдануға дайын – АҚШ елшісі

28.04.2023, 10:24
smart.ru

Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниэл Розенблюм  QazaqForum-да сөйлеген сөзінде интернеттегі қазақ тілді контенттің заман сұранысына сай дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Медиа индустриядағы пікірталас, ынтымақтастық және инновациялар алаңы деп танылған QazaqForum арқылы біз қазақтілді БАҚ пен онлайн-контент жасаушылар Қазақстандағы медиа ортаның одан әрі дамуына себепші болып, айтарлықтай жетістіктерге жеткеніне куә болдық. Сіздердің еңбектеріңіз шет елдердің назарын аударды. Расында да, QazaqForum-ның өзі барлық облыстардың қазақтілді контент жасаушыларының басын қосып, жетістіктер мен сын-қатерлерді талқылауға және ынтымақтасуға тартатын брендке және трендке айналды”, – деді елші. 

Розенблюм медиа кәсібилікті арттыру үшін технологияның күшін пайдалану мәселесіне тоқталды. 

“Бүгін жасанды интеллект өміріміздің көптеген аспектілерінде, соның ішінде тіпті спичрайтингте де өз орнын тапқанымен, Сіздерге менің мына айтып тұрған сөзім адамның қолымен, шығармашылығы мен қамқорлығымен жазылғанына уәде етемін. Дегенмен, мен осы айтар сөзімді дайындап жатқанымда, ЖИ құралдарының бірі ChatGPT-ден: «Қазақ медиасы жаңа трендтер мен ЖИ-ке дайын ба?» деп сұрауды жөн көрдім. Ал, ЖИ болса, маған: «Әрине, сөзсіз дайын!» деп жауап берді. Не деген тамаша жауап. Оған қоса ChatGPT маған қазақ тіліндегі контенттің рөлі туралы, атап айтқанда YouTube видеолары туралы ақпаратты қоса берді. Сол оқып, білгенімді сіздермен бөлісуді жөн көрдім:

«Телебағдарламалар, фильмдер және веб-сериалдар сияқты қазақтілді медиа өнімдер де YouTube желісінде танымал болып, қазақ мәдениетінің алуан түрлілігін жаһандық аудиторияға паш етуде. YouTube сайтындағы қазақша контенттің бірегей аспектілерінің бірі - өзіндік грамматикасы, сөздік қоры және жазуы бар түркі тілі болып табылатын қазақ тілінің қолданылуы. Бұған қоса, YouTube желісіндегі қазақстандық контент жасаушылар көбінесе бейнелеріне өзіндік көзқарастарын, креативтілігін және сюжеттік мәнерлерін келтіріп, мазмұнға ерекшелігін қосады. Қазақстандық контент жасаушылар цифрлық кеңістікте қазақстандық бірегейлікті ілгерілетуге және сақтауға өз үлесін қосып, бірлесіп жұмыс істейді». Тіпті осыны айтып тұрған ChatGPT-дің өзі дәл қазір қазақ тіліндегі медиа-контентті қолдауға дайын екен деп таныдым”, – дейді дипломат.

АҚШ елшісінің сөзінше, қазақстандық БАҚ мамандары уақыт өте келе өздерінің бейімделгіштіктерін және жаңа технологияларды қабылдауға дайын екендіктерін көрсетті.

“Қазақстан азаматтарының көпшілігі желіде белсенді болып, жаһандық онлайн нарыққа өз үлесін қосып жатқандықтан, мен қазақстандық БАҚ одан әрі дамып, инновациялық контент жасау үшін технологиялық жетістіктерді пайдалануға дайын деп есептеймін”, – деді Розенблюм.
 
 

Серіктес жаңалықтары