×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Өтемұратовтың банкін Ұлттық банк төрағасының інісі басқаратын болды

21.06.2022, 16:07
фото: ашық дереккөзден

Рейнис Рубенис жеке жағдайларға байланысты Қазақстан ForteBank Басқарма төрағасы қызметінен мерзімінен бұрын кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рубенис Латвияның ең ірі Swedbank Latvia банкін бес жыл басқарғаннан кейін 2022 жылдың 10 қаңтарында ForteBank Басқарма төрағасы қызметіне келген еді.

«Биыл геосаяси ландшафт қатты өзгерді және менің отбасымның Қазақстанға көшуін қиындатты. Бұл менің Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттілігімді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімнің негізі себебі болды., ол маған оңайға соқпады. Мен Латвияға ораламын», – деді Рубенис.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 15 шілдесінен бастап Басқарма төрағасының міндетін Бекжан Пірматов атқаратыны атап өтілді. Ол бұған дейін Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.

ForteBank-тің негізгі акционері – белгілі қазақстандық бизнесмен Болат Өтемұратов.

Қазақстан Ұлттық Банкінің дерегіне сәйкес, 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ForteBank республиканың 22 банкі арасында активтерінің көлемі бойынша 6-шы орынды иеленді.

15 шілдеден бастап банктің басқарма төрағасының міндетін бұған дейін төраға орынбасары болып келген Бекжан Пірматов уақытша атқарады.

Бекжан Пірматов бұған дейін екі жекеменшік банкте жұмыс істеген. "Банк Каспийский" (қазіргі Kaspi Bank), "Банк ТұранӘлем", HSBC Bank Kazakhstan (кейін Altyn Bank) және "Казкоммерцбанк" ("Халық банкке" қосылған") сияқты банктерде лауазымды қызметтер атқарған.

Ашық деректерден Бекжан Пірматов Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтің туған бауыры екенін көруге болады.