×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Қарағандыда университет есепшісі 88 млн теңге жымқырған

21.06.2022, 16:30
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды қаласындағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 миллионға жуық теңгені ұрлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу барысында бас есепші 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамыр айына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды өз шотына, есепші, директордың орынбасары, екі өндірістік үй-жайларды тазалаушы және мекеменің бейіндік бағытының бірінің оқытушысына жалақысын аударып отырғаны анықталды.

Қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңгені құрап, 13 миллион теңгесі өтелді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.