×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Бас прокуратура Күдебаевтың қалай ұсталғанын айтты

28.04.2023, 15:06
фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Қазақстанға өз еркімен оралғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“БАҚ және әлеуметтік желілерде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы С. М. Күдебаевтың Қазақстанға ерікті түрде оралуы туралы мәліметтер таратылады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді”, – делінген хабарламада.

Ведомство 2023 жылдың наурыз айында Күдебаев "ешқайда кетпеу туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, сот отырысына келмегенін еске салды, Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

“Кейіннен оның мемлекеттік шекарадан заңсыз өтіп, Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы халықаралық әуежайдан Т8ркияны4 Стамбұл қаласына ұшып кеткені анықталды.
Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша (ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі) арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Өз кезегінде Қырғыз тарапы да осындай қылмыстық істі тергеп жатыр”, – деп мәлім етті Бас прокуратура.

Хабарламаға сүйенсек, генералды ұстау және елге қайтару  үшін құқық қорғау және арнайы органдар шетелдік серіктестерімен бірлесіп біраз тер төккен.

“Интерпол күштері қосылды, Түркия Республикасының Әділет министрлігіне оны экстрадициялау бойынша материалдар жіберілді. С.Күдебаевтың өз бетінше отанына оралғысы келмегенін атап өтеміз, өйткені алынған мәліметтер бойынша ол Түркияда тұруға ықтиярхатты рәсімдеуге құжаттар тапсырған. Алайда шетелдік әріптестердің көмегімен ол Түрік Республикасының аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді”, – деп түсіндірді ведомство.

Еске салайық, бұдан бұрын Күдебаевтың ұлы әкесінің Қазақстанға өз еркімен оралғанын мәлімдеген.

Талдықорғандағы сотқа жеткізілген генерал соңғы сөзін айтты.

Серіктес жаңалықтары