×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

«Шыдай тұрыңыздар» – Facebook басшылығы мессенджерлердің істемей қалғаны үшін кешірім сұрады

05.10.2021, 00:18
Фото: ашық дереккөз

Facebook басшылығы Twitter парақшасына WhatsApp, Instagram және Facebook мессенджерлерінің істемей тұрғанынан хабардар екендерін жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Кейбір адамдарға біздің қосымшаларымызға қолжетімділік бойынша мәселе туындағанынан хабардармыз. Тезірек қалыпқа келтіру үшін жұмыс істеп жатырмыз және осындай ыңғайсыздық туындағаны үшін кешірім сұраймыз. Шыдай тұрыңыздар, біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деп жазды Facebook басшылығы Twitter парақшасына.

Еске сала кетсек, қазнет қолданушылары әлеуметтік желілерге қосыла алмағандарын жазып шағымданып жатқандарын жазған болатынбыз.

Downdetector сайтына шыққан мәлімет бойынша, аталған мессенджерлер Ресей, Украина, Польша, Словакия, Венгрия, Эстония, Латвия және басқа да мемлекеттерде өшіп қалған. Бұлай болуының себебі әлі анықталған жоқ.  

Серіктес жаңалықтары