×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Цукерберг Facebook, WhatsApp және Instagram-ның жұмыс істемей қалу салдарынан 6,6 миллиард доллар жоғалтты

05.10.2021, 00:27
Фото: ашық дереккөз

Марк Цукерберг Facebook, Instagram және WhatsApp мессенджері әлеуметтік желілерінің жұмысын тоқтатып қалуына байланысты 6,6 миллиард доллар жоғалтып, миллиардерлер тізімінде алтыншы орынға түсіп қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Life.ru сайтының жазғандай, Нью-Йорк қор биржасының мәліметтері бойынша, аталған ақауларға байланысты Facebook акциялары бірден 5,8%-ға құлдыраған. Тұрақты көрсеткіштерге қарамастан, акциялар Twitter (-6,7%), Google Alphabet (-3%) және Amazon-да (-2,8%) төмендеді.

Сонымен қатар, Downdetector қызметінің мәліметі бойынша, Facebook, Instagram және WhatsApp әлеуметтік желілеріндегі ақаудан кейін TikTok, Google және Youtube қызметтері істен шыққан.

Еске сала кетсек, қазнет қолданушылары әлеуметтік желілерге қосыла алмағандарын жазып шағымданып жатқандарын жазған болатынбыз.

Downdetector сайтына шыққан мәлімет бойынша, аталған мессенджерлер Ресей, Украина, Польша, Словакия, Венгрия, Эстония, Латвия және басқа да мемлекеттерде өшіп қалған. Бұлай болуының себебі әлі анықталған жоқ.  

Серіктес жаңалықтары