Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,79 теңгеге қымбаттады. 1 АҚШ долларының орташа бағамы – 454, 11 теңге.
Ұлттық банктің 22 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,93 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 453 теңге, сатып алу – 458,50 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 451 теңгеден болса, сатып алу құны – 456 теңге.