×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстандықтар халық бірлігі мерекесін атап өтуде

01.05.2023, 09:18
Ашық дереккөз

Халық бірлігі мерекесін қазақстандықтар 1 мамырда тойлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

1 мамыр – Ұлттық бірлік күні, Қазақстандағы барлық этностардың достығы мен келісім мерекесі, қазақстандық патриотизмнің, елімізге, халқымызға адалдықтың мерекесі. Халық бірлігі күні 1996 жылы тойлана бастады, бұрын 1 мамыр Еңбек күні болатын.

Қазақстанда 120-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Осы жылдар ішінде мереке барша қазақстандықтарды біріктіретін игі дәстүрге айналды. Оның мақсаты – халықтар достығының, бейбітшілік пен ынтымақтың, жүздеген мәдениеттерді біріктірудің маңызды құндылықтарын тағы бір рет еске түсіру.

Осыған орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасады.

«Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тұрақтылық пен тыныштықты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам.

Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекеттілігіміздің берік негізі. Қазақ жері сан алуан этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналған. Барлық азаматтарымыз өткен тарихы, бүгіні мен болашағы бір екенін терең ұғынады. Өйткені жұртымыздың құндылықтары да, арман-мұраттары да ортақ. Түптеп келгенде, бәріміз – үлкен қара шаңырақтың, біртұтас қазақ ұлтының перзенттеріміз.
       
Еліміздің өсіп-өркендеуі қолға алған реформалардың тиімді жүзеге асырылуына байланысты. Біз осы іргелі мақсаттарға мызғымас бірліктің арқасында ғана қол жеткіземіз.

Халқымыз «Ырыс алды – ынтымақ» дейді. Бабаларымыздың бұл өсиеті – Әділетті Қазақстандағы басты ұстанымның бірі. Біз татулық, теңдік және әділдік қағидаларына негізделген қоғам құрамыз», - делінген құттықтау мәтінінде.

Серіктес жаңалықтары