×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Алматыда денсаулық басқармасы басшысының орынбасары мемлекеттік қызметтен қуылды

23.06.2022, 10:38
фото: ашық дереккөзден

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылды (мемлекеттік қызметке үш жыл ішінде жұмысқа кіруге тыйым салынады) және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, сәуір айында Лаура Мырзағали қызметінен уақытша шеттетілген болатын. Бұған әлеуметтік желіде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиға ұқсайтын және тағы бір әйелдің қатысуымен түсірілген видео себеп болған. еді. Ал мамыр айында Әдеп жөніндегі кеңес Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарын жұмыстан шығаруды ұсынды.