×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Абай облысының әкімі Ұранхаев: Жаңа ештеңе ойлап табайық деп отырған жоқпыз

23.06.2022, 11:11
Коллаж: ulysmedia.kz.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев үкімет кулуарында өзіне қарасты өңірде қай салаларды дамытуға басымдық беретінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бірінші кезекте экономиканы көтеріп, адамдардың өмірін деңгейін жақсарту керек шығар. Әрине, одан кейін көбірек инвестиция тарту қажет.  Біздің өңір үшін әртүрлі болып саналатын ауыл шаруашылығы сияқты салаларды дамыту керек. Бұрынғы Семей облысы аграрлық өлке болған. Мал шаруашылығы, соның ішінде қой шаруашылығы жақсы жолға қойылған болатын. Яғни, біз жаңа ештеңе ойлап табайық деп отырған жоқпыз. Бұрыннан бар, әбден жолға қойылған салаларды қалпына келтіруге тырысамыз», - деген  облыс басшысы Семей-Алакөл бағытындағы автомобиль жолының тағдыры не болатынын айтты.

Сөз арасында әкім өзі «кішігірім құпия» деп білетін сырын айтты.

«Сіздерге кішігірім құпия айтайын. Келесі аптада бізге Мәжіліс комитетінің 3 өкілі келеді. Олармен бірге Үкімет өкілдері де келеді. Бұл жолды біздің үлкен мәселе дегеннен гөрі келешегіміз деген дұрыс шығар. Өңірдің транспорт әлеуетін пайдаланамыз. Өйткені біз Қытай мен Ресейдің ортасында жатырмыз», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Еске сала кетсек осы айда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалған болатын.