×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Ақтөбеде өз анасын өлтірген 16 жастағы қыздың ісі сотқа жетті

23.06.2022, 12:20
ашық дереккөзден

Ақтөбеде 16 жастағы қыз анасын өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Оның 19 жастағы досы да тергеу изоляторында отыр, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап.

Алматы аудандық прокуратурасының мәліметінше, әйелді өз үйінде пышақтап өлтірген. Күдіктілер бұл туралы полицияға кеш хабар берген. Анасын өлтіруге не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі, жасөспірім жасы 16-да болса да, кешкі мектептің 5-сыныбында оқыған. Тергеу жұмыстары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

«Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасымен 16 жастағы қыз бен 19 жастағы жігітке қыздың анасын өлтіргені үшін айыптау актісі жасақталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде айыпталушылар қылмысты жасағанын бірнеше күн өткеннен кейін хабарлағаны анықталды. Айыпталушылардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сараланды», – дейді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасының бөлім аға прокуроры Әсел Өтенова.